Түркістанда 1300-ден астам жұмысшының 164 млн теңге жалақы қарызы қайтарылды

3 Наурыз 2020, 18:33
1421
Бөлісу:
Түркістанда 1300-ден астам жұмысшының 164 млн теңге жалақы қарызы қайтарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облыстық Еңбек инспекциясы бойынша басқармасы өткен жыл қорытындысымен 11 кәсіпорын мен мекемелерде 1344 жұмысшы алдында 214,3 млн теңге жалақы қарыздарын анықтады. 

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 8 кәсіпорында 164 млн теңге жалақы қарыздары төленіп, 1 313 жұмыскердің еңбек құқықтары қорғалды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте басқарма басшысы Бегман Нұрмаханов мәлімдеді.

Бұдан өзге, былтыр басқарма тарапынан 1089 азаматтың арыз-шағымдары қаралып, олардың барлығына заңмен белгіленген мерзімде жауап берілген.

Азаматтардың арыз-шағымдарының 36% – жалақы төлеу мерзімінің сақталмауына байланысты болса, 25% – еңбек шартын бұзу, 12% – еңбек демалысын уақытылы бермеу және 4% – жұмыс уақыты нормасын бұзу мәселесін көтерген. Өткен жылы мекемелер мен кәсіпорындарда барлығы 397 тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 445 заң бұзушылық анықталып, оның 97,3%-ы жойылды. Қалғандарының орындау мерзімі бар, - деді Бегман Жамалбекұлы.

Сонымен қатар, облыста шетелдік 22 ұйымда 7684 азамат жұмыс істейді. Оның ішінде ҚР азаматы – 7533, шетел азаматы – 151. Әлеуметтік дауларға жол бермеу мақсатында шетел қатысуымен құрылған кәсіпорындарда еңбек қатынастары бойынша заң және нормативтік актілердің сақталуы мен орындалуы басқарманың тұрақты бақылауында.

Өзгелердің жаңалығы