Қазақстанда 13 арнайы экономикалық аймақ, 23 индустриялық аймақ бар

14 Сәуір 2020, 20:41
5928
Бөлісу:
Қазақстанда 13 арнайы экономикалық аймақ, 23 индустриялық аймақ бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылы Индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығын аяқталды. Бағдарлама елдің өнеркәсіптік дамуына жаңа серпін берді. Өнеркәсіп өткен жылы 3,8%, оның ішінде өңдеуші сектор 4,4%, тау-кен өндіру 3,7% өсті.

Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Екінші бесжылдық аясында (2015-2019 жж.) өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындары 45 трлн теңге, оның ішінде былтыр 11,2 трлн теңгенің өнімін өндірді. Осы жылдары сектор кәсіпорындарынан түскен салық 3 есе өсіп, 9 трлн теңгеге асты. Қазіргі уақытта өңдеуші өнеркәсіптен түсетін салық индустрияландыру саясатын іске асыруға арналған шығыннан 6,5 есе артық. Саладағы еңбек өнімділігі 4,2% өсті. Отандық өнім өндірушілер 72 млрд АҚШ долларына өнімдерін экспорттады, олар бүгінде әлемнің 120 елінде шығарылады - делінген хабарламада.

Машина жасау саласы екінші жыл қатарынан елеулі өсім (2018 жылы -114,4%, 2019 жылы - 120,9%) көрсетті. Оның ішінде автомобиль жасау саланың драйверіне айналды (162,5%). Жеңіл автонесие бағдарламасы өсімге оң әсер етті. 2019 жыл қорытындысында жеңіл өнеркәсіп өсімі 113,5% көрсетіп, оған тоқыма (116,1%) және киім-кешек өндірісі (108,2%) есебінен қол жекізілді. Фармацевтикалық (112,2%) және металлургиялық өнеркәсіп (104,1%) салаларында тұрақты өсім бар. Индустрияландыру картасы аясында 2015-2019 жылдары жалпы сомасы 5 трлн теңгенің 556 жобасы іске қосылып, 84 мың тұрақты жұмыс орны ашылды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 13 арнайы экономикалық аймақ (АЭА) және 23 индустриялық аймақ (ИА) жұмыс істейді. Өткен жылы АЭА-да 185 жоба, ИА-да 149 жоба іске қосылып, 22 мыңнан аса жұмыс орны ашылды. Бұл аймақтарда 136 түрлі өнім шығарылады, олардың 30-дан астамы жаңа өнімдер - делінген министрлік ақпаратында.

Өзгелердің жаңалығы