12 жастағы бала Есіл өзеніне батып кетті

16 Маусым 2022, 08:09
1581
Бөлісу:
12 жастағы бала Есіл өзеніне батып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Елордаға жақын маңда 12 жастағы қыз Есіл өзеніне батып кетті.

Қайғылы оқиға  Аршалы ауданы Жібек Жолы ауылының Silk Way демалыс аймағында болды. Ата-анасының қарауынсыз қалған 2010 жылғы қыз шомылуға рұқсат етілмеген жерде суға батып кетті, - деп хабарлады Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағының құтқарушылары жіберіліп, қыздың денесі бірнеше сағаттан кейін табылған.

Төтенше жағдайлар департаменті осы жылдың 21 мамырында демалыс аймағының су қоймасына тексеру жүргізіліп, шомылуға жарамсыздығы туралы акт берілгенін айтты. 

28 мамырда бөлім қызметкерлері Silk Way демалыс аймағындағы қауіпсіздік қағидаларының негізгі талаптарын түсіндіру және демалыс аймағын жабдықтау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізді.

Өзгелердің жаңалығы