110 сайлау учаскесінде алғашқы сайлаушы дауыс берді

19 Наурыз 2023, 07:08
750
Бөлісу:
110 сайлау учаскесінде алғашқы сайлаушы дауыс берді
Фото: автордан

Елордадағы "Қазақстан темір жолы" ғимаратында орналасқан 110 сайлау учаскесіне алғашқы сайлаушы келіп, өз таңдауын жасап дауыс берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әнұран шырқалып болған соң уческеге алғашқы сайлаушы да келді.

Бұл сайлау еліміз үшін өте маңызды. Қарап отырсам кандидаттар көп екен. Дұрыс деп ойлаймын. Бұл сайлау жаңа форматта өтіп жатыр. Егер өзгерісті қалайтын болсақ, әрбір қазақстандық сайлаудың маңызын түсіну керек. Өз азаматтық міндетімді орындап мен де дауыс бердім. Сондықтан дауыс беруге келіңіздер, - дейді елорда тұрғыны Жанар Мұхаммеджанова.

Алғашқы болып дауыс беруге келген сайлаушыға да уческе арнайы сыйлық берді.

Өзгелердің жаңалығы