11 жылға сотталған Жомарт Ертаевқа қатысты жақсы жаңалық шықты

14 Мамыр 2021, 17:48
1631
Бөлісу:
11 жылға сотталған Жомарт Ертаевқа қатысты жақсы жаңалық шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11 жылға сотталған экс-банкир Жомарт Ертаевтың жазасы жеңілдейтін болды. Бұл туралы Алматы қалалық сот баспасөз қызметі хабарлады.

Апелляция алқа қаулысына сәйкес, Жомарт Ертаев түрмеде 11 жыл емес тоғыз жыл отырады. Сот үкімінің қалған бөлігі өзгеріссіз қалады.

Жомарт Ертаев 9 жылға, Игорь Мажинов 7 жылға, Бақыт Ибрагим 7 жылға сотталды. Сонымен бірге, 13 сотталушыға шартты жаза қолданылды, - делінген қаулыда.

Еске сала кетейік, бұған дейін бірінші сатыдағы сот RBK банктен 144 миллиард теңгенің ұрланғанын дәлелдеген болатын. Аталған қылмыс 2011 жылдан 2017 жылға дейін жасалған. Іс бойынша 36 адам сотталды. Басты айыпталушы - экс-банкир Жомарт Ертаев. Оған қоса банктің бұрынғы төрағасы Игорь Мажинов, Qazaq banki экс-акционері Бақыт Ибрагим және басқалары да жазадан қашып құтыла алмады.

Жомарт Ертаев 2019 жылдың мамырында Мәскеуде ҚР ІІМ Интерполдың Ұлттық орталық бюросының өтініші бойынша ұсталған.

Өзгелердің жаңалығы