11 өңірде дауылды ескерту жарияланды

13 Маусым 2022, 23:33
1533
Бөлісу:
11 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" синоптиктері бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Өңірдің батысында, солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің күші 15-20 м/с артады.

Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық болады. Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында найзағай, бұршақ және дауыл болжанады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с дейін артады.

Таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз өңірдің солтүстік-шығысында, шығысында күші 15-20 м/с құрайды.

Шығыс Қазақстан облысында найзағай, бұршақ, дауыл болжанады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түнде Алматы облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. 14 маусымда тәулік бойы найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде күші 15-20 м/с құрайды. Өңірдің солтүстігінде және шығысында екпіні 25 м/с артады.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстіктен соғады, күндіз өңірдің орталығында күші 15-20 м/с жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының оңтүстігінде, күндіз облыстың орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 14 маусымда таулы аудандарда, 15 маусымда облыстың солтүстік-батысында, шығысында, таулы аудандарда найзағай, бұршақ, дауыл болжанады.

Күндіз 15 маусымда желдің екпіні 23 м/с дейін жетеді. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр болжанады. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі.

Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, өңірдің солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Өзгелердің жаңалығы