1000-нан астам Алматылық тегін кәсіптік оқудан өтеді

3 Мамыр 2023, 20:00
923
Бөлісу:
1000-нан астам Алматылық тегін кәсіптік оқудан өтеді
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Осы уақытқа дейін курстарды оқу үшін 343 адам Жұмыспен қамту орталығына жүгінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығының директоры Сағындық Кенжебаев айтып берді.

Спикердің айтуынша, 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаға сәйкес, жұмыспен қамту орталығы, ұзақтығы 3 айға дейінгі кәсіптік оқу оқытады.

Ағымдағы жылда Алматы қаласы бойынша 1000 адамды кәсіптік оқытуға жіберу жоспарлануда, оның ішінде: жұмыс берушілердің сұранысы бойынша білім беру ұйымдарына 687 адамды және жұмыс берушілердің жұмыс орнында кәсіптік оқытуға - 313 адамды жіберу жоспарлануда, - деді Кенжебаев.

Сонымен қатар, Өңірлік комиссия отырысында:

- жұмыс берушілердің сұранысы бойынша, оқу ұйымдарында кәсіптік оқытуды ұйымдастыру үшін жұмыс берушілердің тізбесі, 42 жұмыс беруші 687 орынға 18 мамандық бойынша ;

- жұмыс орнында кәсіптік оқытуды ұйымдастыру үшін жұмыс берушілерге арналған жұмыс берушілер тізбесі 13 жұмыс берушіден 11 мамандық бойынша 313 орын;

- жоғарыда көрсетілген Кәсіптік оқыту түрлері бойынша 2023 жылға бір адамға оқыту құны 50 мың теңгені құрайды.

Оқуға жіберілген қатысушылармен келісімшарт жасалып, оқу кезеңіне 21 787 теңге мөлшерінде ай сайынғы стипендия бөлінеді.

Өз кезегінде жұмыс берушінің жұмыс орнына тікелей жіберілген қатысушылармен еңбек шарты жасалады және халықты жұмыспен қамту орталығы ай сайын 20 АЕК (69 000 теңге) мөлшерінде жалақы төлейді. Жасалған әлеуметтік келісімшарт және еңбек шарты шеңберінде оқуды сәтті аяқтағаннан кейін, жұмыс берушілер жұмысқа орналасуға көмектеседі, - деп толықтырды спикер.

Өзгелердің жаңалығы