10 жылдағы ең үлкен құлдырау. 40 мың тонна өнім сатылмады

12 Қаңтар 2024, 17:11
598
Бөлісу:
10 жылдағы ең үлкен құлдырау. 40 мың тонна өнім сатылмады
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Айдарбек Сапаров Алматы облысының шаруаларына жүгеріні өткізу бойынша нақты шараларды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ауыл шаруашылығы министрі Алматы облысына жұмыс сапары кезінде, жергілікті шаруалармен кездесіп, өзекті мәселелерді тыңдады. Соның ішінді ең өзекті мәселе-жүгеріні сату. Айдарбек Сапаров жүгеріге сұраныстың төмендеу себептері және мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шаралары туралы кездесу қатысушыларына айтып берді.

Өткен жылдары жүгерінің бағасы жоғары болды, тоннасына шамамен 120-130 мың теңге, бұл Алматы облысының фермерлерін егін егуді 7,8 мың гектарға ұлғайтуға итермеледі. Нәтижесінде фермерлер 400 мың тоннадан астам өнім алды (егіннің 98%-ы жиналды). Оның басым бөлігі іске асырылғанымен, 10% немесе 40 мың тоннаны шаруалар сата алмады, - деп хабарлайды BAQ.KZ.

Министр шаруаларға өнімді өткізуге көмектесу үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын айтты. Оның айтуынша, шамамен 40 мың тонна жақын арада сатып алынады: "Азық – түлік корпорациясы "ҰК" АҚ арқылы құс өсірушілер үшін 20 мың тонна, ал "Азия Агрофуд" АҚ үшін тағы 20 мың тонна.

Айдарбек Сапаров сондай-ақ жүгерінің ішкі нарығының қажеттіліктері шектеулі екенін, бүкіл республикалық егіннің шамамен 10%-ы ғана экспортқа шығарылатынын түсіндірді. Сондықтан фермерлер әлемдік тенденцияларды да қадағалап отыруы керек, биылғы жылы бағаның төмендеуі әлемдік артық өндіріске байланысты. 

Артық ұсыныстың қысымымен, әрине, баға төмендей бастады. Әлемдік бағалар бір жылда 30%-дан астам төмендеді, бұл 10 жылдағы ең үлкен құлдырау, - деді министр.

Айта кету керек, СҚО-ның сүт-тауар фермаларын салу бойынша тәжірибесін тираждау шеңберінде өңірге 12 жобаны іске асыруға 15 млрд теңге бөлінді. 2024 жылы Алматы облысында 4 жобаға 7 млрд теңге бөлу жоспарланған. Жаңа жобалар жемшөп дақылдарына, соның ішінде жүгеріге сұранысты арттыруы керек.

2023 жылы шаруаларды мемлекеттік қолдау бойынша міндеттемелер орындалды. Шаруалардың мемлекеттік қолдау жүйесін жақсарту жөніндегі ұсыныстарын министрлік жұмысқа қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы