1 тонна жанармай: "Қазақмыс" нысандарында ірі ұрлық схемасы әшкереленді

Жанармай ұрлығына күзетшілердің де қатысы бар.

 Видеодан кадр Бүгiн 2026, 09:09
Бүгiн 2026, 09:09
212
Фото: Видеодан кадр

Ішкі істер министрлігі «Қазақмыс» корпорациясының нысандарында ұзақ уақыт бойы әрекет етіп келген бірнеше қылмыстық топтың жолын кесті.

Polisia.kz таратқан ақпаратқа сүйенсек, Ұлытау облысындағы стратегиялық кәсіпорын аумағында жүргізілген жедел шаралардың нәтижесінде келтірілген шығынның 94,5 пайызы өтелген.

Бұған дейін бағалы металдарды ұрлаумен айналысқан топтар сотталса, биылғы 7 мамырда Мемлекеттік күзет қызметімен бірлесіп жанармай жымқырудың жаңа схемасы әшкереленді.

ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыстың айтуынша, күдіктілер арнайы техникаға жалған жанармай құю және құжаттарды қолдан жасау арқылы бір тоннадан астам жанар-жағармайды заңсыз иемденген.

Тінту жұмыстары барысында ұсталған тұлғалардан ірі көлемдегі қаражат, көліктер және оқ-дәрісі бар қару-жарақ тәркіленді. Тергеу барысында күзет құрылымдарының кейбір қызметкерлері осы заңсыз схемаларға көмектесіп келгені анықталды.

Қазіргі уақытта қаржылық-шаруашылық құжаттарға талдау жасалып, келтірілген шығынның нақты көлемі есептелуде, алдын ала болжам бойынша шығын аса ірі мөлшерде болуы мүмкін.

Бұған дейін полиция Жамбыл облысында жанар-жағармайды елден заңсыз шығармақ болғандардың жолын кескен еді. 

Наверх