1 қыркүйек қарсаңында мектепке қажетті заттар қанша теңгеге қымбаттады?

8 Тамыз 2023, 16:47
1353
Бөлісу:
1 қыркүйек қарсаңында мектепке қажетті заттар қанша теңгеге қымбаттады?
Фото: BAQ.KZ - архив

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша жаңа оқу жылының басында кеңсе тауарларының бағасы қымбаттап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ұлттық статистика бюросы кеңсе тауарларының бағасы қалай өзгергенін мәлімдеді.

Былтырдың шілде айымен салыстырғанда кеңсе тауарларының бағасы 2023 жылдың шілдесінде 64,4% қымбаттады. Атап айтқанда, мектеп дәптері – 77,2%, қалам – 38,6%, түсті қарындаштар – 41,9%, сурет альбомы – 44,1% қымбаттады, - делінген хабарламада.

12 тамыздан бастап елордада мектеп жәрмеңкесі өтеді. Ол бес жерде жұмыс істейді. Онда отандық тауар өндірушілердің өнімдерін сатып алуға мүмкіндік болады.

Жәрмеңкеге айдың соңына дейін әр сенбі мен жексенбі күндері баруға болады: тамыз айының 12, 13, 19, 20, 26, 27 күндері.

Олар келесі орындарда өтеді:

1. Нұра ауданындағы цирк тұрағы;

2. Байқоңыр ауданындағы «Тұлпар» сауда үйі алдындағы «Аймақтау» сауда үйінің тұрағы;

3. Сарыарқа ауданындағы Demalys Promenade аллеясы, Қосшығұлұлы көшесі, 14;

4. Есіл ауданындағы Ботаникалық бақтың тұрағы;

5. Алматы ауданындағы Абылай хан даңғылы, 20а.

Өзгелердің жаңалығы