1 қаңтардан бастап бала күтімі бойынша төлемдер кезеңі ұлғайтылды

12 Қаңтар 2023, 16:21
924
Бөлісу:
1 қаңтардан бастап бала күтімі бойынша төлемдер кезеңі ұлғайтылды

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бала күтімі бойынша төлемдер кезеңі ұлғайтылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тамара Дүйсенова атаулы әлеуметтік қолдауды күшейту үшін атқарылатын жұмыс туралы айтып берді. Ол алдын алу сипатындағы атаулы шараларды және туындаған әлеуметтік тәуекелдердің салдарын жою үшін атаулы көмекті қамтиды. Әлеуметтік қолдауға мұқтаж адамдардың нысаналы контингенті Отбасының цифрлық картасы негізінде айқындалады, – деді Дүйсенова.

Министр балалы отбасыларды әлеуметтік қолдауға ерекше назар аударылатынына тоқталып өтті. 

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі бойынша төлемдер кезеңі ұлғайтылды, 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-ын балалардың 18 жасқа толғанға дейінгі арнайы жинақтаушы шоттарына аудару көзделген. Сондай-ақ «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақылардың мөлшерін саралау жоспарланып отыр, - деді ол алқа отырысында.

Аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік қолдауды күшейту мақсатында 2025 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін кедейлік шегі медианалық табысқа сүйене отырып айқындалады. 

Өзгелердің жаңалығы