1 млн астам ел азаматының мүлік пен көлік салығына қарызы бар

10 Мамыр 2023, 22:02
975
Бөлісу:
1 млн астам ел азаматының мүлік пен көлік салығына қарызы бар
Фото: egemen.kz

Елімізде 1 миллионнан астам азаматтың мүлік пен көлік салығы бойынша жалпы сомасы 29,1 миллиард теңге болатын қарызы бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, оның 27,9 млрд теңгесі – көлікке салынатын салық бойынша қарыз.

Осы жылдың 26 мамырынан бастап берешек сомасы 1 айлық есептік көрсеткіштен асатын борышкерлердің тізімі өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларға жіберілетін болады. Заңнамаға сәйкес жеке сот орындаушылар банктік шоттар және мүлікке тыйым салуға құқылы. Сондай-ақ берешек сомасы 40 айлық есептік көрсеткіштен асқан кезінде борышкерге Қазақстан Республикасынан шығуға тыйым салынуы мүмкін, - делінген комитет хабарламасында.

Сондай-ақ жеке сот орындаушылары борышкерден берешек сомасынан бөлек сол қарыздың 25 пайызына дейінгі мөлшерде қосымша ақы өндіріп алады.

Салық бойынша берешектің бар-жоғын e-Salyq Azamat мобильді қосымшасынан тексеруге болады.

Өзгелердің жаңалығы