1 маусымда Қарағандыда балалар арбаларының шеруі өтеді

22 Мамыр 2024, 19:51
287
Бөлісу:
1 маусымда Қарағандыда балалар арбаларының шеруі өтеді
Фото: Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қарағандылықтарды 1 маусымда Балаларды қорғау күні өтетін дәстүрлі арба шеруіне қатысуға шақырады, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ата-аналар балаларының көлік құралдарын түрлі-түсті және креативті түрде безендіруі керек. Безендіру кезінде кез-келген материалдарды пайдалануға болады: маталар, картон, қағаз және басқалар.

Қатысуға өтінімдер 29 мамырға дейін мына нөмірлер бойынша қабылданады: 8-708-851-66-05, 8-705-619-15-10, 8-707-121-83-99 және 41-27-26. Баланың, ата-ананың атын, арбалар мен костюмдерді безендірудің негізгі идеясын көрсету қажет.

Ата-аналар мен олардың сәбилерін жинау 1 маусымда сағат 13.00-де Кеншілер мәдениет сарайының алдындағы алаңда болады. Биылғы арбалар шеруі оныншы рет өтеді.

Өзгелердің жаңалығы