1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні
1092

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бір ғасырдан астам тарихы бар мерекені тәуелсіз Қазақ елі де жыл сайын атап өтеді.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай,еліміздің әр өңірінде балаларға арналған түрлі шаралар жопсары құрылған.

Бұл күнді мереке ретінде атап өту туралы түрлі дерек бар. Бұл — 1925 жылы Женевада балалар мәселелеріне арналған Дүниежүзілік конференцияда қабылданған десе, кей деректерде мұны өткізу жөнінде шешім 1949 жылдың қараша айында Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданған деп жазылған.

Алғашқы халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы өткізілді. БҰҰ аталған бастаманы дер кезінде қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды.

Биыл астанада да балалар мерекесіне орай 60-тан астам іс-шара өтеді, оның ішінде көрмелер, шығармашылық фестивальдер, спорттық жарыстар бар.

Бұл күні қаланың барлық саябақтарында мерекелік кештер болады. "Жетісу" саябағында "Мен бақытты баламын" балалар шығармашылығы мен спорт фестивалі өтеді. Бағдарламада спорттық ойындар, квестер және флешмобтар, қолданбалы өнер және сурет салу бойынша шеберлік сабақтары болады. Сонымен қатар ертең балаларға балмұздақты тегін таратады.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды елімізде "Балалар жылы" деп жариялаған болатын.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз
Өзгелердің жаңалығы