№1 автопарк директоры: Жүргізушілер сақтық шараларын қатаң сақтауда

12 Мамыр 2020, 17:39
1387
Бөлісу:
№1 автопарк директоры: Жүргізушілер сақтық шараларын қатаң сақтауда
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. №1 автопаркінің директоры Нұрмұхан Пулатов 12 мамырдан бастап автобустардың іске қосылғандығын айтып, жүргізушілер сақтық шараларымен толықтай ақпараттандырылғанын айтып өтті.

Төтенше жағдай жарияланған сәттен бастап Нұр-Сұлтан қаласы бойынша біздің автобустар барлық бағытта қалалық, экспресс және қала маңы бағыттар бойынша жүре бастады. Карантин кезінде автобустардың жүруіне тыйым салынғанын білесіздер. Алайда, 11 мамыр күні бас санитариялық дәрігердің қаулысы бойынша 12 мамырдан Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көліктер қатынай бастады, - деді Нұрмұхан Пулатов.

Сонымен қатар, автопарк директоры жүргізушілердің санитариялық-эпидемиологиялық шаралар арқылы сақтану туралы ескертілгенін айтып өтті.

Таңертең тізімде белгіленгендей, қаланың барлық бағыты бойынша автобустар іске қосылды. Осы жерде санитариялық нормалар мен алдын алу шаралары туралы айтқым келеді. Автобус паркі жұмысшыларына, соның ішінде жүргізушілерге қоғамдық көлікте сақтық шараларын сақтау туралы нұсқаулық берілді. Автобус жүргізушісі бетперде тағып, кірген тұрғындардың арақашықтығын қадағалайтын болады, - деді автопарк директоры.
Өзгелердің жаңалығы