"Өлген" мэр өз әрекетін түсіндірді

22 Мамыр 2020, 10:44
1379
Бөлісу:
"Өлген" мэр өз әрекетін түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Перу мемлекетіндегі Хайме мэрі Роландо Урбин Торрес жазадан қашып, табытта "өлі" күйінде табылған болатын.

Бұған дейін Перу полициясы елдің батысындағы аудандардың бірінің мэрін карантинді бұзғаны үшін жазалауды болдырмау мақсатында  табытқа жатып, өлі адамды бейнелеуге тырысқаны туралы хабарлағанын жазған едік.

Перу полицейлерінің хабарлауынша, Урбина Торрес пен оның достары ұсталып, учаскеге жеткізілген. Полиция мэрді ұстау кезінде оның ішімдік ішкенін айтты, деп хабарлайды "Perú 21".

Алайда, шенеунік аздап есін жиған соң, неліктен табытқа жатқанын түсіндіріп берді.

Маған сол кезде табыт тым қысқа болып көрінді, сол себепті еркімнен тыс жатып көруге тура келді. Жанымда жергілікті магистратор болды. Мен табыттардың көлемін, биіктігін және енін тексеру үшін табыт жасайтын объектіге арнайы келдім. Сондықтан, менің онда жатқаным полицияның келуіне ешқандай қатысы жоқ, - деп мәлімдеді шенеунік.

Алайда, Торрес ол жерге келген полиция оны неге көзі жабық күйінде тауып алғанын ашып айтпады. Урбин Торрес спиртті ішімдік ішкенін де жоққа шығарды.

Еске салайық, кеше Перудің Кастровиррейн провинциясындағы Тантара ауданында  Хайме мэрі Роландо Урбин Торреске қатысты жанжал туындады. Ол карантиндік шектеулерге қарамастан, достарымен қоғамдық жерде ішімдік ішкен, ал полиция келгенде өлі адамды бейнелеп, табытқа жатқан. 

Ресми деректерге қарағанда, Перуде 104 мыңнан астам коронавирусқа шалдығып, 3 мыңнан астам адам қаза тапқан.

Өзгелердің жаңалығы