Төтенше жағдай: карантиндегі қалаларға көліктің кіріп-шығу тәртібі белгілі болды

19 Наурыз 2020, 10:46
16301
Бөлісу:
Төтенше жағдай: карантиндегі қалаларға көліктің кіріп-шығу тәртібі белгілі болды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Карантинге байланысты Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына келетін және шығатын жолаушыларды көлік түрлерімен тасымалдауды тоқтатылды. 

Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары аумағында карантин енгізілуіне байланысты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлайды:

Автомобиль көлігі бойынша

Ағымдағы жылғы 22 наурыз күнгі сағат 00:00-ден бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына автокөлік құралдарымен жолаушылар тасымалдау тоқтатылады. Ал автокөлікпен транзиттік жолаушылар тасымалдау аталған қалалар аумағына кірместен жүзеге асырылады.

Теміржол көлігі бойынша

Сондай-ақ, 2020 жылғы 22 наурыз күнгі сағат 00:00-ден бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына келетін және шығатын жолаушылар және қала маңы пойыздарының жүруі тоқтатылады. 22 наурыз сағат 00:00-ден кейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы теміржол стансалары арқылы транзитпен өтетін жолаушылар және қала маңы пойыздары жолаушыларды түсірмей және мінгізбей өтеді. Және ағымдағы жылғы 22 наурыз күнгі сағат 00:00-ден бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы стансаларда жасақталатын және оларға дейін баратын жолаушылар және қала маңы пойыздарымен жолаушылар тасымалдау тоқтатылады.

Әуе көлігі бойынша

Осы уақыттан, яғни ағымдағы жылғы 22 наурыз күнгі сағат 00:00-ден бастап жүк және халықаралық әуе рейстерінен басқа Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әуежайларына келетін және шығатын жолаушылар әуе рейстері тоқтатылады.

Төтенше жағдайлар кезеңінде әуе және теміржол көлігімен сапарлардан бас тартатын жолаушыларға билет құны хабарласқан уақытына қарамастан толық көлемде қайтарылатынын айта кету керек.

Өзгелердің жаңалығы