Атырауда тұрғын үйлердің бірінде пәтер өртенді.

6 Мамыр 2024, 05:31
332
Бөлісу:
Атырауда тұрғын үйлердің бірінде пәтер өртенді.
Фото: скрин

Жалын тілдері үйдің шатырын да шарпыды. Өрт орнына келген ТЖМ қызметкерлері 36 тұрғынды эвакуациялады, оның 7 балалар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Хабарлама түскен сәттен бастап, өрт сөндірушілердің үйлесімді және жедел іс-қимылдарының арқасында өрт 26 минут ішінде жойылды. Оқиға орнына Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері де келді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Отты сөндіруге жеке құрам 37 адам және 9 арнайы техника жұмылдырылды, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы