ҰҚК: Шымкентте қылмыстық топ сотталды

17 Ақпан 2020, 17:50
1851
Бөлісу:
ҰҚК: Шымкентте қылмыстық топ сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте заңсыз қару жасағаны және өткізгені үшін қылмыстық топқа қатысушылар сотталды. Бұл туралы ҚР ҮҰК баспасөз қызметі хабарлады. 

2020 жылғы 6 ақпанда Шымкент қаласы әл-Фараби ауданының соты атыс қаруын заңсыз жасаумен және оны өткізумен айналысқан қылмыстық топқа қатысушыларға үкім шығарды. 

Сонымен, К. Дрейлинг ҚР ҚК 287-бабы 4-бөлігі ("Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") және 288-бабы 2-бөлігі ("Қаруды заңсыз жасау") бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды. Ю. Разин осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды. Р. Ибрагимов пен В. Завзин 3 және 4 жылға шартты түрде сотталды, - делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, 2019 жылғы шілдеде ҰҚК органдарының арнайы операциясы нәтижесінде көрсетілген қылмыстық топ әрекетінің жолы кесілді. 

Қылмыстық тәсілге сәйкес қаруды (демилитарландырылған, дыбыспен әсер ететін патронмен атуға арналған) Ресейден Қазақстанға әкеліп, жасырын жағдайда жауынгерлік етіп қайта жасалған. Заңсыз айналымнан 8 "Калашников" автоматы, 2 "Макаров" пистолеті және оларға оқ-дәрілер алынды. Қаруды түрлендіру бойынша цех жойылды.

Өзгелердің жаңалығы