«Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясында ҚазАТУ-дың филиалы ашылды

19 Қаңтар 2019, 17:10
2892
Бөлісу:
«Қазақстан Ғарыш Сапары»  Ұлттық компаниясында ҚазАТУ-дың  филиалы ашылды

Астана, BAQ.KZ. "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Жерге орналастыру және Геодезия кафедрасының филиалы ашылды.

Өткен жылы ҚазАТУ ректоры, профессор Ақылбек Күрішбаев пен Компания вице-президенті, Халық Қаһарманы Айдын Аймбетов арасында ҚазАТУ-дың филиалын ашу туралы келісім жасалған болатын.

«Қазақстан Ғарыш Сапары»  Ұлттық компаниясында ҚазАТУ-дың  филиалы ашылды

«Кеше, филиалымызда алғашқы сабақ өткізілді. Сабақ барысымен танысып өттік. Студенттерге жоғары деңгейдегі мамандар сабақ береді. Осындай жоғары деңгейдегі мамандардан тәлім алған түлектердің де білімі кемел болатынына сенеміз. Ендігі мәселе, осы филиалдағы сабақ түрін барынша көбейтуді жоспарлап отырмыз. Ол үшін Компанияның басқа бөлімдері мен орталықтарынан маман тарту жаспарымызда бар», - дейді кафедра меңгерушісі Жанат Төлеубекова.


Өзгелердің жаңалығы