Қайырымды жандар оңалту орталығына 20 млн теңге сыйлады

19 Қаңтар 2019, 16:45
2348
Бөлісу:
Қайырымды жандар оңалту орталығына  20 млн теңге сыйлады

Павлодар. ВАQ.KZ тілшісі. Павлодарда ғимаратсыз қалуға шақ қалған психоневрологиялық ауытқулары бар адамдарды бейімдеуге арналған клубқа қайырымды жандар 20 млн теңге жинап берген.

 Өңірдегі жалғыз «Альрами» үйінің ғимараты сатылымға қойылғандықтан, оңалту орталығының жұмысы мүлдем тоқтап қалу қаупі туындаған болатын. Бұл ғимаратты демеуші жеті жыл бұрын тегін ұсыныпты. Осы уақыт аралығында есепте тұрған менталды ауытқулары бар 90 сырқат денсаулықтарын жақсартып, қоғамға бейімделген. Олардың қатарында екі қолға бір күрек тауып, еңбек етіп жатқандары да бар.   Павлодар қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өкілдері хабарлаандай, мемлекеттік-әлеуметтік тапрысыс бойынша психоневрологиялық сырқаты бар адамдарды оңалту қызметіне республикалық бюджеттен 32 млн теңге бөлінген. Заң жүзінде бұл ғимаратты қоғамдық ұйымның иелігіне беруге болмайды. Дегенмен әлеуметтік-мемлекекеттік тапсырысты алу үшін ғимараттың болуы негізгі шарт.

Енді сырқаттардың қорқышыны артта қалды. ҚР іскер әйелдер қауымдастығы облыстық филиалы мүшелерінің мұрындық болуымен қомақты қаржы жиналған.

«Альрами» клубының мәселесіне бейжай қарай алмадық. Сондықтан, бір адамдай атсалысып, қаржы жинақтадық. Бүгінде 20 млн теңге жиналды. Қазіргі уақытта оңалту орталығының қызметіне сай, ыңғайлы болатын ғимарат іздестіріп жатырмыз», - дейді іскер әйелдер қауымдастығы облыстық филиалының төрайымы Аурика Дяк.

Айта кетейік, облыста ҚР Тұңғыш Президенті қорының бастамасымен «Мейірімділік керуені» республикалық байқау-акциясы басталды. Басты мақсат – қоғам арасында қайырымдылық идеяларын дәріптеу, азаматтардың бастамаларын қолдау және адамгершілік құндылықтарды нығайту. Ұйымдастырушылардың пайымдауынша, «Альрами» клуб үйіне көмек қолын созу биылғы жылғы үздік қайырымдылық іс деп танылады.

 

Ақмаржан Әділбек
Өзгелердің жаңалығы