29 сәуірде Атырауда мектептер офлайн оқыту форматына оралады

26 Сәуір 2024, 22:18
336
Бөлісу:
29 сәуірде Атырауда мектептер офлайн оқыту форматына оралады
Фото: Арман Мухатов -архив

Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау қаласында және қала маңындағы елдімекендерінде жағалауды нығайту жұмыстарының аяқталуына байланысты, 29 сәуірде облыс орталығының барлық мектептері офлайн оқыту форматына көшеді, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ егер балалар белгілі себептермен Атырау қаласынан тыс жерде болса, олар оқуын онлайн-форматта жалғастыра алады. 

Атырау облысында су тасқыны жағдайы нашарлаған жағдайда одан әрі іс-қимыл алгоритмі алдын ала хабарланатын болады.

Өзгелердің жаңалығы