Қазақ футболының ардагері Сейілда Байшақов 70 жасқа толды

28 Тамыз 2020, 22:30
1574
Бөлісу:
Қазақ футболының ардагері Сейілда Байшақов 70 жасқа толды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараз футбол мектебінен түлеп шыққан Сейілда Икрамұлы саналы ғұмырын отандық футболға арнады, деп хабарлады olympic.kz. 

Кәсіби спортшы ретінде Алматының «Қайрат» сапында тер төгіп, үш жүзге жуық ойын өткізді. Сондай-ақ, КСРО құрамасына шақырту алып, алып держава сапында ресми додаларда доп тепкен жалғыз қазақ футболшысы. Спортшы ретінде мансабын аяқтағанымен, еліміздің спортын дамыту жолында қызметін жалғастырды.

Қазақстан футбол федерациясында басшылық қызметін атқарып, отандық футбол мен мини-футболдың дамуына орасан зор үлес қосты.

1966-1967 жылдар аралығында - «Қайрат» (Жамбыл), 1968-1970 жж. - «Энергетик» (Жамбыл), 1971 жылдан 1981 жылға дейін - «Қайрат» (Алматы), 1971 жылы «Қайрат» құрамында теміржолшылардың Халықаралық спорт одағының кубогын жеңіп алды.

1977 жылы ол КСРО ұлттық құрамасының құрамында, 1978 жылғы FIFA Әлем кубогының іріктеу матчтарына қатысты. 1972 жылы оған «КСРО спорт шебері» атағы берілді. 2020 жылы «Парасат» мемлекеттік орденімен марапатталды.

Өзгелердің жаңалығы