Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қаламқас» кен орнындағы өрттің ошағы сөндірілді. ҚазАқпараттың хабарлауынша, бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек мәлімдеген.
«28 наурызда 01:05-те «Қаламқас» кен орнында №8237 ұңғыма жанындағы грифоннан шыққан өрт сөндірілді», - деп хабарлады ол.
Қазіргі таңда газ-су қоспасы атқылап тұрған жоқ және грифондар жабылды.
Еске сала кетейік, 25 наурыз күні сағат 07:10-да Маңғыстау облыстық ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметіне «Қаламқас» кен орнындағы ұңғымадан шыққан газ жанып, биікті 10 метрге дейін жалын атқылап тұрғандығы хабарланды.
Оқи отырыңыз: