АҚШ бұған дейін рұқсатталмаған зымыранды сынақтан өткізбек

14 Наурыз 2019, 16:53
2820
Бөлісу:
АҚШ бұған дейін рұқсатталмаған зымыранды сынақтан өткізбек

Алматы, BAQ.KZ. Пентагонның жоғары шенді өкілі АҚШ-тың тамыз айында жерүсті қанатты зымыранды сынақтан өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. 

рташа және қысқа қашықтықтағы зымырандарды жою туралы шарт аясында бұл зымырандарды сынақтан өткізу шектеліп келген, деп жазды Синьхуа агенттігі. 

Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, өз есімін атамауды қалаған жоғары шенді бұл зымырандардың ұшу ұзақтығы 1000 км жететіндігін, егер сынақ сәтті өтсе зымыранның осы түрін шығару бір жарым жылда аяқталатынын жеткізген. Ол сонымен қатар, АҚШ қыркүйек айында орта қашықтықтағы баллистикалық зымырандарды да сынақтан өткізетіндігін айтқан. Бұл екі зымыран да ядролық оқтұмсықпен емес, қарапайым жабдықталған.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео 1 ақпан күні құрама штаттардың ОҚЗЖШ келісімінен шығатынын жариялады. Сондай-ақ Ресей президенті В. Путин де 4 наурыздан бастап бұл келісімнен шығатын заңға қол қойған еді.

Өзгелердің жаңалығы