Зұлмат жылдар қасіреті

31 Мамыр 2023, 20:43
742
Бөлісу:
Зұлмат жылдар қасіреті
Фото: автордан

Бүгін отыз бірінші мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып белгіленген. Қостанай халқыда өткен тарихымызда жазықсыз жаппа шеккен боздақтардың рухына тағызым жасап, құран бағыштады, деп хабарлайды сол өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.

Өткен тарихымыздың ең қасіретті жылдарының құрбаны болып, зар жылаған халықтың қасіретінің лебін бар адамға сездіретін осы отыз бірінші мамыр күні. Осынау қаралы күні Қостанай қаласының орталығындағы «Жеңіс» саябағындағы құрбандардың рухына арналған ескеркіш алдында қаралы жиын өтті.

«Бүгін біз саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға, сұрапыл жылдарда қарапайым халықтың мүддесін қорғаған арыстарға тағзым ету үшін жиналдық.Өйткені, біздер, тәуелсіз Қазақстанның азаматтары үшін жазықсыз сотталып, туған жерінен аяусыз қуылған миллиондаған сан түрлі тағдырды еске алу қашанда қасиетті парызымыз болады. Солай болып қала бермек. Өткен ғасырдағы тарихи оқиғалар орасан зор адам шығынымен ұштасып, бас көтерер көзі ашық қазақ зиялылары түгел атылды. Оның ішінде Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Бейімбет Майлин сынды жерлестеріміз бар. Өткен ғасырдың басында олар азаттық жолында құрбан болып, тәуелсіздік идеясын насихаттауға орасан зор үлес қосты. Олардың есімдерін мәңгі есте сақтаймыз»,- деді жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқалиев.

Зұлмат жылдар қасіреті

Облыс әкімінің орынбасарының айтуына қарағанда, кешегі зобалаңы мол жүйенiң қатыгездiгiне қарамастан, көптеген ұлттардың өкiлдерi мәдени ерекшелiгiн сақтап қалды. Оның бәрі қонақжай қазақ жерінің арқасын. Бұл жерге амалсыз қоныс аударылған өзге этностар қазақ халықының мейірімі арқасында баспана тауып, өзідерін қоғамның толық мүшесі ретінде сезінуіне мүмкіндік алған.

Осы жиында біркездері ата-анасының бастан өткізген аянышты тағдыры туралы Қазақстан Республикасы Мәжілісінің 5 шақырылымының депутаты Ольга Киколенко дебіреніп тұрып айтып берді.

«Біздің отбасымызда маған ең қымбат адамдар анам, әкем, әжем репрессияға ұшырап, жер аударылды. Әжем Қазақстанға жер аударылып, кейін он жылға еңбек армиясына жіберілді. Анамда 13 жасында орыс тілін білмейтін, аш жалаңаш танымайтын ортаға жібереді. Бірақ әрқашан жолында жақсы адамдар кез болған. Көп балалы келіншек анамды бір жыл күтуші ретінде үйіне кіргізіп, бағып-қағыпты. 14 жасында колхоз төрағасы бордақылаушы етіп жұмысқа алады. Бірақ анамды осы арада өгіз таптап бір ажалдан қалыпты. Ешбір қимылсыз жатқан анамды жанындағы адамдар өлді деп ойлапты. Осылайша анам мәйітханадан бірақ шығыпты. Оның бақытына орай мәйітханаға комиссия келіп, оны тірідей жерілеуден құтқарып қалды»,- Ольга Киколенко.

Зұлмат жылдар қасіреті

Сондай-ақ, Киколенко жазықсыз құрбандарды ақтап, анықтап жатқан Қостанай облыстық және республикалық комиссияларға өз өтінішін жеткізді.

«Тарихты жазуды жалғастыру маңызды, өткен қателіктерді қайталамау үшін бүгінде өмір сүріп жатқан әрбір адам мұны есте сақтауы керек», - деп түйіндеді Киколенко.

Қаралы жиын ескерткішке гүл шоқтарын қоюмен аяқталды.

Өзгелердің жаңалығы