Тоқаев зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайтуды тапсырды

2 Қыркүйек 2019, 11:50
2637
Бөлісу:
Тоқаев зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайтуды тапсырды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жыныстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайтуды тапсырды. Бұл туралы ол парламенттің бірлескен отырысындағы Қазақстан халқына арналған жолдауында мәлімдеді.

«Біз гуманизацияға қатты мән беріп кетіп, азаматтардың негізгі құқықтарын ұмыта бастадық. Бізге есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату қажет», - деді мемлекет басшысы.

Айта кетейік, ғылыми конференциядан қайтып келе жатқан бойжеткенді «Тальго» пойызында зорлады деген екі жолсерік 26 шілдеде 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылданған болатын. Осы іс қоғамда резонанс тудырды.

Өзгелердің жаңалығы