«Зорлық болған деп санаймын». Адвокат сарбаз өліміне қатысты тың деректер айтты

31 Қаңтар 2023, 15:25
5516
Бөлісу:
«Зорлық болған деп санаймын». Адвокат сарбаз өліміне қатысты тың деректер айтты
Фото: Halyq uni

Адвокат  Айман Омарова Жамбылда асылып қалған сарбаздың өліміне қатысты тың деректерді жария етті, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Еске сала кетейік, Ұлттық қауіпсіз комитеті шекара қызметіне қарасты Тараз қаласындағы «Шөлдала» шекара бөлімінде борышын өтеп жүрген 2004 жылы туған Бекбол Мираш асылып тұрған жерінен табылған.

Сарбаз Мираш Бекбол қайтыс болады. Кейін сот сараптамасы болды. Алдымен, өз-өзіне қол жұмсаған деп, Сержантты тұтқынға алды. Менің әріптесім, баланың  ауыз қуысынан, іш киімінен және әскери шалбарынан биоматриал табылғанын көпшілікке мәлім етті. Оның бәрі рас! Қазіргі таңда мен мәліметтердің бәрін қарап отырмын. Мен зорлық болған деп санаймын. Әскерде мұндай жағдай болып жатқан кезде оларға сенім жоқ, - деді  Омарова.

Ол балаға қатысты молекулярлық-генетикалық сараптамада нақты не айтылғанын айтты.

Сараптамада биоматериалды марқұмның өзінікі дейді. Бұл қалай сонда? Молекулярлық-генетикалық зерттеуде былай делінген. Оның киімдерінде, футболкасында куәгер «Қ» есімді азаматтың биоматериалы табылған. Одан басқа тағы екі адам бар делінген. Кемінде екі адамнан аз емес, олардан басқа да тағы анықталған «А» және «К» есімді азаматтар нақтыланып отыр дейді. Өкінішке қарай, аталған үш азаматқа қарсы іс тіркелмеген. Меніңше, олар істі тіркемей, тек Сержантты сотқа жібергісі келеді. Ол Сержанттың зорлық-зомбылыққа қатысы жоқ болса керек, себебі ол туралы ештеңе айтылмаған. Мүмкін басқа баптар бойынша заңсыз әрекеттері бар болуы мүмкін. Нақты ештеңе айта алмаймыз, - деді Адвокат. 

Бұған дейін ҰКҚ Шекара қызметінің өкілі сарбаздың өліміне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, қылмыстық тергеу деректері жариялауға келмейді. 

Сотқа дейінгі қылмыстық тергеп-тексеру деректері жария етілмейді. Яғни ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабы бойынша ештеңе жария ете алмаймын. Бұл сұрақ бойынша жауап алу үшін ресми хат жолдауға болады, - деп айтты ол.

Өзгелердің жаңалығы