Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Әділет вице-министрі Ақерке Ахметова ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Заң жобасы бойынша авторлар мен құқық иеленушілердің, патенттік сенім білдірілген өкілдердің, ғалымдардың, ұжымдық ұйымдар, мүдделі мемлекеттік органдар мен «Атамекен» ҰКП өкілдерінің барлық мүдделі тараптарын тарта отырып, кеңінен талқылау жүргізілді.Біріншіден - мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар (ұжымдық ұйымдар) қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру бойынша түзетулер, - деді ол.
Ахметованың айтуынша, тәжірибені талдау, авторлар мен құқық иеленушілердің шағымдары ұйымдардың міндеттерін нақтылауды қажет етті.
Түзетулер тоғыз мыңға жуық қазақстандық авторлар мен құқық иеленушілердің тиесілі сыйақы алуға деген үміттерін көрсетеді және ұжымдық ұйымдардмен олардың құқықтарын бұзуын болдырмауға бағытталған. Екіншіден - «географиялық көрсеткіш» жаңа объектісін енгізу. Аталған түзету отандық тауар өндірушілерге жаңа мүмкіндіктермен әлемдік нарыққа шығуға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда өнімнің беделі мен сапасы белгілі бір географиялық объектімен байланысты. Мысалы, «Қазақстандық шоколад», «Көкшетаулық балмұздақ», - деді ол.
Ақерке Ахметова атағандай, тіркелмеген өнеркәсіптік үлгілерді қысқа мерзімді қорғау енгізіледі,бұл 2015 жылғы 21 желтоқсандағы Еуропалық одақпен Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім аясында қабылданған міндеттемелерге сәйкес келеді.
Мұндай қорғау құқық иеленушілерді бірегей бұйымдардың сыртқы түрін тікелей көшіруден қорғауға мүмкіндік береді.Төртіншіден - тауар таңбалары, географиялық көрсеткіш және тауарлардың шығарылған жерінің атаулары жөніндегі «оппозициялық» жүйе мүдделі тұлғаларға өтінімді қарау кезеңінде сараптама жасау ұйымына қарсылық жіберуге мүмкіндік береді.Бұл тауар белгілерін, географиялық көрсеткіштерді және тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге дау айтудың ықтимал тәуекелдерін жояды.Бесіншіден - патенттік сенім білдірілген өкілдер бөлігінде түзетулер қойылатын біліктілік талаптарын, патенттік сенім білдірілген өкілдің құқықтарын нақтылауға және оны тізілімнен алып тастау рәсіміне бағытталған, - деді ол.
Түзету патенттік сенім білдірілген өкілдер көрсететін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.