Әділет министрлігі зияткерлік меншік құқығын сақтау саласындағы заңнаманы жетілдірді

13 Шілде 2022, 14:48
1893
Бөлісу:
Әділет министрлігі зияткерлік меншік құқығын сақтау саласындағы заңнаманы жетілдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  ҚР Әділет вице-министрі Ақерке Ахметова ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

2022 жылғы 20 маусымда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.Заң бойынша жұмыс зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша кезекті қадам болды, - деді Ахметова. 

Ол атағандай, бұл процесс ұлттық заңнаманы осы саладағы халықаралық шарттармен үйлестірумен негізделген.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы 19 халықаралық шарттардың және 25 өңірлік келісімдерінің қатысушысы. Осыған байланысты, Парламент Мәжілісімен 2020 жылы Әділет министрлігіне осы саладағы құқық қолдану практикасына талдау жүргізу ұсынылды. Әділет министрлігі Reed Smith компаниясының заң кеңесшілерін тарта отырып, талдау қорытындысы бойынша зияткерлік меншік саласын одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар әзірледі. Жүргізілген жұмыс нәтижелері Парламент Мәжілісінің депутаттарына таныстырылды және талқылаудан кейін депутаттық бастаманың негізіне алынды, - деді ол. 

 

Өзгелердің жаңалығы