Әзербайжан мен Ираннан келетін кемелерге қызмет көрсету уақытша тоқтатылады

4 Наурыз 2020, 13:50
1493
Бөлісу:
Әзербайжан мен Ираннан келетін кемелерге қызмет көрсету уақытша тоқтатылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміз порттарында Әзербайжан мен Ираннан келетін кемелерге қызмет көрсету уақытша тоқтатылады.

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында ағымдағы жылғы 5 наурызынан бастап Әзірбайжан мен Ираннан келетін, адамдар мен автокөлік құралдарын жүргізушілермен тасымалдайтын теңіз кемелеріне Ақтау және Құрық порттарында қызмет көрсетудің уақытша тоқтатылатынын хабарлайды.
Шетелдік жүк кемелерінің экипаждары үшін Ақтау және Құрық порттарында кемелерден шығуға шектеу қойылады. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын қазақстандық кемелер экипаждарының мүшелері порттарда ауысқан кезде оларға бақылауды күшейтетін болады, - делінген хабарламада.

Қабылданатын шаралар туралы ақпарат Каспий маңы мемлекеттерінің теңіз әкімшіліктеріне жеткізіледі.

Өзгелердің жаңалығы