Венесуэладағы жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны бүгінде 3 811 адамға жетті. Тағы 17 мыңға жуық тұрғын түрлі жарақат алған.
Олар уақытша мектептерге, саябақтарға және басқа да қоғамдық орындарға орналастырылды.
БҰҰ мәліметінше, табиғи апаттан келген жалпы шығын 37 млрд доллардан асқан. Ұйым тек зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 300 млн доллар бөлу қажеттігін мәлімдеді.
Ал ел билігі баспанасынан айырылғандар үшін сейсмотұрақты үйлердің құрылысын жеделдетуге уәде берді. Инженер-геологтар халықаралық сарапшылармен бірлесіп, құрылысқа қолайлы жер телімдерін анықтап жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, 25 маусымда таңертең Венесуэланың солтүстік-орталық бөлігінде жойқын зілзала болды. АҚШ геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, әуелі магнитудасы 7,2 балдық, содан ізін сала 7,5 балдық екі ірі дүмпу тіркелген.
Ресми Каракас зілзаладан іс-түссіз жоғалғандар туралы мәлімет бермей отыр.
Бұған дейін жойқын жер сілкінісінен 18 мыңға жуық адам баспанасыз қалғанын жаздық.