Жыныстық қолсұғушылық мәселесі бар. Еділованың өліміне қатысты іс жабық есік жағдайында қаралады

20 Қазан 2021, 16:12
11394
Бөлісу:
Жыныстық қолсұғушылық мәселесі бар. Еділованың өліміне қатысты іс жабық есік жағдайында қаралады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматылық Аяжан Еділованы зорлау және өлтіру ісі сотқа түсті. 

Бұл туралы Алматы қалалық соты мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат. 

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына зорлау, сондай-ақ ерекше қатыгездікпен адам өлтіру қылмысы бойынша Т-ға қатысты қылмыстық іс келіп түсті. Бұл іс жабық есік жағдайында қаралады, өйткені мұнда жыныстық қолсұғушылық мәселесі бар, - делінген сот хабарламасында. 

Алдын ала тыңдауда істі қарау мәселесі алқабилердің қатысуымен немесе судьямен жеке шешіледі. 

Айта кетейік, 19 наурыз күні Алматы қаласында 19 жастағы бойжеткен жұмыстан шығып, үйіне оралмағаны хабарланды. Кейіннен Аяжан Еділованың денесі де табылды. Кейін белгілі болғандай, бойжеткен сол бейтаныс жігіттің қылмыстық әрекетінен қаза тапқан. Күдікті - 1993 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны екені анықталды.


Өзгелердің жаңалығы