Алматы облысында жын шығармақ болған емші науқасты өлтіріп алған

14 Қаңтар 2019, 17:50
5917
Бөлісу:
Алматы облысында жын шығармақ болған емші науқасты өлтіріп алған

Талдықорған, baq.kz. Алматы облысында 28 жастағы ер адамның өліміне себепкер болған халық емшісі қамауға алынды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

12 қаңтар күні өз үйінде тұрғылықты азаматтың мезгілсіз көз жұмуына байланысты ақпарат Қарасай ауданында тіркелген. Сот-медициналық тексеруінің нәтижесінде кеуде қуысының тұйық жарақаты, қабырғаларының сынуы мен өкпенің жарақаттануы ер азаматтың өліміне себепкер болғаны анықталды. Жәбірленушіге түрлі ауыр дене жарақатын салу барысында оның өліміне әкелуге қатысы бар деген күдікпен полицейлер "халық емшісінің " үстінен қылмыстық іс қозғады.

 «Полицияға қайтыс болған азаматтың туыстарынан әлі күнге арыз түскен жоқ. Алайда бұл факті бойынша РҚ Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық істе күдікті ретінде дәстүрлі емес медицина қызметімен айналысатын 63 жастағы ер адам айыпталуда» - делінген хабарламада.

 Айта кетейік, "халық емшісіне" жәбірленушіні оның туыстары алып келген. Олардың пікірі бойынша, жас азаматқа жын кірген және ол соңғы үш жыл ішінде сол жын әсерінен қиындық көрген. "Халық емшісінің" 5 күн ішінде түрлі әдістерді қолдану арқылы жас азаматтан жынды шығару салдарынан жәбірленушінің көз жұмуы мүмкін.

 «Бұл іс Қарасай ауданы полициясының өндірісінде. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды» - дейді баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы