Жамбыл облысы Байзақ аудандық сотында аудандық орталық аурухананың бұрынғы бас медбикесі мен жұмыс беруші арасындағы еңбек дауы медиация тәртібімен шешілді.
Азамат А. 2006 жылдың сәуірінен бастап орталық аудандық ауруханада жұмыс істеп, соңғы уақытта бас медбике қызметін атқарған. 2026 жылдың мамырында жұмыс беруші ақшалай құндылықтарға қызмет көрсету кезінде болжамды кінәлі әрекеттерге байланысты оған деген сенімнің жоғалуына негіздеп еңбек шартын бұзған.
Жұмыстан босатумен келіспеген әйел сотқа жүгініп, бұйрықты заңсыз деп тануды, қызметіне қайта алуды, жалақысын өндіріп беруді және 500 мың теңге көлемінде моральдық зиянды өтеуді талап еткен.
Талап қоюшының айтуынша, оны ақша жинады деген күдікке ілінгенімен, полиция тексерісі бұл жайтты растамаған. Ал қате аударылған 130 мың теңге жөнелтушіге қайтарылған.
Сот талқылауы барысында тараптар медиация тәртібімен келісімге келді. Келісім бойынша жұмыс беруші жұмыстан босату туралы бұйрықты өзгертіп, еңбек шартының тараптардың келісімімен тоқтатылғанын көрсетуге міндеттенді. Бұрынғы бұйрықтың күші жойылып, талап қоюшы аға мейірбике қызметіне қабылданады.
Сонымен қатар аурухана полиция бөліміне бұрын жолданған өтініштерді, шағымдар мен материалдарды қайтарып алуға және ішкі тергеуді тоқтатуға міндеттенді. Ал талап қоюшы өз талаптарынан бас тартты.
Сот тараптардың келісімін бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты. Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.