Жылжымалы медициналық кешен ауылдарды аралап жүр

19 Қыркүйек 2022, 14:45
1940
Бөлісу:
Жылжымалы медициналық кешен ауылдарды аралап жүр

Ертіс өңірінде жылжымалы кешен ауыл-ауылды аралап, халыққа сапалы қызмет көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Жылжымалы кешен Павлодар ауданына қарасты Мичурин ауылында да болды. Дәрігерлер тобы бұған дейін бірнеше рет келіп, халық арасында тексеру жүргізіген еді.

Павлодар ауданы бойынша 12 мың азамат дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Халықтың көбі кардиолог, пульманолог, неврапотолог мамандарының қарауына келеді. Себебі, бұл мамандары ауданда тапшы болуы мүмкін. Фтизиатор мен хирург дәрігерлерге де сұраныс жоғары. Ультрадыбыстық зерттеу өткізуге немесе рентгеннен өтуге келетірдер де баршылық, - дейді жылжымалы кешеннің жетекшісі Ботагоз Тұрғанбаева. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мамандарының мәліметінше, жылжымалы медициналық кешен 300-ге жуық шалғай ауылдың халқын қамтымақ. Бұл мақсатта бес жабдықталған автобус пен біре «Камаз» көлігі жолға шыққан. 

Кешен жұмысы үстіміздегі жылдың сәуір айында басталды. Биыл 32 мыңнан астам адамға медициналық көмек көрсетуде жоспарлап отырмыз. Бүгінгі күнге дейін 28 мыңнан астам ауыл азаматы дәрігерлердің қарауында болды. Олардың бес мыңнан астамы – балалар. Осы күнге дейін 13 мыңға жуық диагностикалық және зертханалық зерттеу жүргізілді. Сонымен қатар, салалық мамандар 25 мың кеңес берді. Нәтижесінде екі мыңнан астам азаматтар түрлі сырқаттар анықталып, ем қабылдауға жолдама алды, - дейді мамандар.

Өзгелердің жаңалығы