Алдағы жылыту маусымына 1 700 тонна көмір қажет

27 Шілде 2020, 16:56
985
Бөлісу:
Алдағы жылыту маусымына 1 700 тонна көмір қажет

Нұр- Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында жылыту маусымына дайындық аясында тұрмыстық көмірмен қамтамасыз етілу мониторингі жүргізілуде. Нүктелерде жеткілікті отын қоры бар, бірақ тұтыну белсенділігі әзірге жоғары емес. Тұрғындарды қатты отынды дер кезінде сатып алуға шақырды.

Энергетика және ТКШ басқармасының ақпаратына сай, облыс бойынша алдағы жылыту маусымына көмір қажеттілігі 1 700  тоннаны құрайды. Бұл көлемнің басым бөлігі жеке тұтынушыларға тиесілі. Сонымен қатар, халық әзірше 33 мың тоннадан сәл артық, яғни жалпы қажеттіліктің шамамен 3%-ын ғана сатып алған.

Бюджеттік ұйымдар үшін көмір сатып алу басталды.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді талап етті.

Сауда нүктелерінде қорлар мен бағаларды бақылаңыз. Адамдарға алдын ала көмір сатып алу қажеттілігін түсіндіріңіз, - деді әкім.

Облыс әкімі аппарат кеңесінде тапшылық пен кезектерге жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды атқаруды тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы