Жылыту маусымы қарсаңында көмір қымбаттады

17 Тамыз 2022, 19:09
1524
Бөлісу:
Жылыту маусымы қарсаңында көмір қымбаттады

 Жылыту маусымы қарсаңында көмір тағы 7 процентке қымбаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар 24 сілтеме жасап.

 Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов осылай деді. Бағаның өсуіне не әсер етті? 

"Қазақстан темір жолы" желісі арқылы көмір экспорты 12%-ке өсті. Сөйтіп, 7 айда еліміз 20 млн тоннаға жуық қатты отынды шекара асырды. Оның дені Ресей, Орталық Азия және Еуропа елдеріне бағытталған. Көмірді ел ішінде тасымалдау 1,5 процентке артқан.

 Оның 37 млн тоннасы ЖЭО-на, 5 млн тоннадан астамы халыққа жөнелтілді. Бұл былтырғыдан 26 процентке көп. Жалпы алғанда ұлттық компания желілері арқылы 62 млн тонна көмір тасымалданған. 

Яғни өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,6%-ке артық. Экономика үшін ауыз толтырып айтарлықтай көрсеткіш, бірақ қарапайым халыққа көмір бағасы қолжетімді емес. 

Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетовтің сөзінше, темір жолдар бойынша отынды жеткізу жыл басынан бері, орташа алғанда, 5%-ке қымбаттапты. 

Биыл елде көмір құны 30 процентке өскен. Тамыздың басында ғана баға 7%-ке көтерілді. Оның үстіне энергия өндіруші кәсіпорындардың кейбірі шекті тарифті тағы да өсіруді сұрауда. Бұл да бағаға ықпал етері хақ. 

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әлеуметтік көмірді арттыру арқылы мәселені реттеуге уәде берді. Жалпы елде жылыту маусымына дайындық ерте басталды. Қоймаларға 7 процентке көп көмір жиналған.

 Өнімнің 10 проценті биржаға шығарылады. Келешекте оның үлесін 50 процентке жеткізу көзделеді. Бұл делдалдардың араласуын тежейтін бастама дейді мамандар.  

 Қазір біздің министрлік приказ жасап жатырмыз. Яғни автомобильдік транспортқа шектеу. Яғни әлеуметтік көмірдің басқа елге шықпас үшін. Біз алдын ала ұлттық кәсіпкерлік палатасымен келісіп жатырмыз. Яғни бұл бизнеске нұқсан келе ме, келмей ме жалпы? Яғни осы көмір шығаратын, таситын кәсіпорындарға кесірі тимеу керек. Атқарылып жатқан жұмыстар осы. Біз мүмкіндігінше бүгін ұсынысты көп жасап жатырмыз. Яғни сол уақытта көп көлемде, қоймаларда көмір болатын болса, оның бағасы өспейді дегенге келтіреді,- дейді ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары ұрар Жолмағамбетов.

Өзгелердің жаңалығы