Жылыту маусымы. Отынға қанша берешекпіз?

6 Қыркүйек 2022, 11:00
1123
Бөлісу:
Жылыту маусымы. Отынға қанша берешекпіз?

Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Энергия өндіруші ұйымдардың отын үшін кредиторлық берешегінің едәуір көлемі маңызды мәселе болып табылады. Бүгінгі таңда «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ алдындағы берешек 4 млрд 959 млн теңгені құрайды.Сондай-ақ энергия өндіруші ұйымдардың «Богатырь-Көмір» ЖШС алдында жалпы сомасы 2 млрд 479 млн теңге берешегі бар, - деп атап өтті министр. 

Сондай-ақ ол  Петропавлдағы жылу электр орталығының жай-күйіне тоқталды.  

Жол картасына сәйкес Петропавл 2-ші жылу электр орталығын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жалғасуда, бүгінгі таңда негізгі жабдықты, яғни қазандықтарды  күрделі жөндеу 85%-ға орындалды. Қазандық цехының бас корпусын қалпына келтіру бойынша жұмыстар, сондай-ақ қазандарды қалған екі түтін құбырына қосу арқылы газ құбырларын реконструкциялау жүргізілуде. Петропавл ЖЭО-2-нің дайындығы министрлік пен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тұрақты бақылауында, - деді ведомство басшысы. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақшолақов еліміздегі мегаполистерді жылытуға қанша тонна мазут кететінін айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы