Жылына 150 млрд доллар табыс табады. Қазақстан адам саудасының алдын қалай алады?

22 Ақпан 2021, 14:53
1421
Бөлісу:
Жылына 150 млрд доллар табыс табады. Қазақстан адам саудасының алдын қалай алады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Сарапшылар Мемлекет басшысының қарауына ұсынылатын комиссияның "Азаматтардың және өзге де адамдардың Қазақстандағы адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы әлеуметтік-экономикалық,еңбек,азаматтық және мәдени құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері" арнайы баяндамасының жобасын талқылады.

Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев адам құқықтары мен саудасы мемлекеттің басты қазынасы болып табылатынын айтты.

Адам саудасы адам құқығын бұзудың ең осал, ең қауіпті түрі болып отыр. Табыс табу жағынан заңсыз бизнестің ішінде үшінші орынға ие. Алдымен қару-жарақ сату, екінші орында заңсыз есірткі сату және үшінші орында адам саудасы,-деді Әбішев.
сауда2.jpeg

Оның айтуынша, БҰҰ көші-қон комитетінің есебі бойынша адам саудасымен айналысатындар жылына 150 млрд доллар табыс табады.

Қазақстанда да адам саудасының алдын алып, онымен күрес жолдарын жетілдіру үшін және адам саудасының құрбандарына АӘК жақсарту үшін біздің комиссия мемлекеттік орган мен дағдарыс орталықтарымен бірлесіп, баяндама жасады,-деді Әбішев.


Өзгелердің жаңалығы