Жылу қашан беріледі және қай қалаларда жөндеу жалғасып жатыр? 

 ©BAQ.KZ архиві/ Арман Мухатов 22 Қыркүйек 2026, 10:15
22 Қыркүйек 2026, 10:15
244
Фото: ©BAQ.KZ архиві/ Арман Мухатов

Үкімет отырысында күзгі-қысқы кезеңге дайындық барысы қаралды. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов энергия көздеріндегі  нәтижелер мен отын қорлары туралы мәлімет берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

14 қыркүйектен бастап Павлодар облысында жылыту маусымы басталды. Бұл жұмыстарды Солтүстік және шығыс өңірлерде ауа райының көрсеткіштеріне қарай 1 қазанға дейін бастау күтілуде, – деді Ерлан Ақкенженов.

Энергия көздерінде жылыту маусымын бастау үшін қажетті отын қоры (4,9 млн тонна көмір және 127 мың тонна мазут) және «негізгі» жабдықтардың құрамы қалыптастырылды. 4 энергия блогында, 30 қазандықта және 19 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды. 17 мың шақырым электр беру желілерін жөндеу толық көлемде орындалды. Сондай-ақ жоспардағы 377 шақырым жылу желілерінің жалпы дайындығы - 97%. 

Сонымен қатар Ұлытау, Абай облыстарындағы және Солтүстік Қазақстан мен Ақмола өңірлеріндегі жылу беру нысандары Үкіметтің ерекше бақылауында.  

Сәтбаев қаласында жылу магистралін жаңғырту толық аяқталды, қазіргі уақытта желіні тазалау және қысыммен сынау жұмыстары жүргізілуде. 

Петропавл қаласының жылу магистральдары бойынша дайындық -  95%, барлық жұмыстарды осы аптаның соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Степногорск қаласында желінің жалпы дайындығы - 76%. Аяқтау мерзімі осы жылғы 25 қыркүйекте күтілуде. Семей қаласындағы үш жоба бойынша жоспардың орындалуы 70% жеткен. Сутартқыш құрылғылары мен жылу алмастырғыштарды жеткізу тек 26 қыркүйекте күтілуде.

Наверх