Жылу мәселесі: Елімізде 55 электр станциясы тексерілді

30 Мамыр 2023, 12:36
1197
Бөлісу:
Жылу мәселесі: Елімізде 55 электр станциясы тексерілді
Фото: ОКҚ

Елімізде электр станцияларының жай-күйі қалай? ОКҚ алаңында өткен брифингте Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында 2022 жылдан бастап KPMG бастаған халықаралық сарапшылар тобы Дүниежүзілік банктің қолдауымен еліміздің электр станцияларына ауқымды техникалық аудит жүргізу бойынша жұмыс бастады. Барлығы 55 электр станциясы зерттелді. Жылу станцияларының негізгі және қосалқы жабдықтарының техникалық жағдайына және оны пайдалану жағдайларына ерекше назар аударылды, - деді вице-министр брифингте.

Оның мәліметіне сәйкес, тексеру қорытындысы бойынша барлық станция жабдықтың техникалық жай-күйіне, пайдалану мерзімдеріне, отынның үлестік шығынының көрсеткіштеріне, апаттылыққа, персоналмен қамтылуға және жөндеу жұмыстарын орындауға байланысты санаттар бойынша бөлінді.

Маусым айының соңына қарай техникалық қызмет көрсетуді одан әрі пайдалану және жүргізу жөніндегі қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді шараларды көрсете отырып, әрбір станция бойынша неғұрлым егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспары дайындалады. Бұл ретте министрлік негізгі мақсаты генерация секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру арқылы тозу деңгейін кемінде 15%-ға төмендету болып табылатын «Инвестицияларға айырбастау тарифі» жаңартылған бағдарламасын іске асыруға кірісті, - деп түсіндірді ведомство өкілі.

Өзгелердің жаңалығы