Жылу беру маусымына дайындық қатаң бақылауда

22 Қыркүйек 2022, 07:37
1076
Бөлісу:
Жылу беру маусымына дайындық қатаң бақылауда

Бұл туралы Түркістан облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Роза Сариева айтты.

Облыста барлық орталықтандырылған жылу қазандықтарының жұмысы кестеге сай атқарылуда. Кентау қаласында орналасқан ЖЭО-5-те дайындық жұмыстары жүргізілуде. Ол жылыту маусымы басталғанға дейін толық аяқталады. Сондай-ақ, орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілген 626 көпқабатты тұрғын үйдің 600-і жылыту маусымына әзір, қалғандарында дайындық жұмыстары жүргізілуде. Ал 2 561 бюджеттік мекеме мен әлеуметтік нысан 100 пайыз дайын, – деді Роза Олжабайқызы.

Спикердің сөзінше, өңірде жалпы көмір отынының қажеттілігі 907,6 мың тонна, тасымалданғаны 423,1 мың тонна. Оның ішінде: коммуналдық-тұрмыстық қажеттілігі - 249,2 мың тонна. Тасымалданғаны - 142,8 мың тонна. Тұрғындардың (жеке тұрғын үйлер, жылы жайлар) көмірге қажеттілігі 658,4 мың тонна болса, тасымалданғаны 280,3 мың тонна. Тұрғындар үшін темір жол тұйығы бар елдімекендерде 1 тонна Шұбаркөл отынның бағасы 14 600 - 18 500 теңге аралығында. 

Сонымен қатар, бюджеттік мекемелердің сұйық отынға (дизельге) қажеттілігі  4 559,7 мың литр. Ол 100 пайыз тасымалданды. Ал жылумен қамтамасыз ететін мекемелер үшін мазутқа қажеттілік 2700 тонна. Казіргі таңда сатып алу рәсімдері өткізілуде. 

Айта кетейік, жылыту маусымына дайындық жұмыстары облыс әкімдігі тарапынан тұрақты бақылауға алынған. Жұмыстар жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы