Жылу ақысы ең қымбат қалалар анықталды

30 Қыркүйек 2019, 20:53
1836
Бөлісу:
Жылу ақысы ең қымбат қалалар анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде жылу ақысы бір жылда 14% ға арзандады, деп жазады inbusiness.kz

Ірі қалалардың ішінде Көкшетау, Шымкент пен Талдықорғанда жылу ақысы едәуір төмендеген. Ал керісінше жылу құны ең қымбат қалалардың тізімін Алматы мен Атырау бастап тұр.

Сондай-ақ, төлемақысы арзандағанымен Шымкент тариф құны ең қымбат шаһарлардың тізімінде. 2019 жылдың тамызындағы дерек бойынша 1 ГКал – 3440,4 теңгені құрауда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14% ға тең.

Айта кетейік, 2018 жылы жылу құны 1 ГКал – 3769,92 теңге болған. Статистикалық деректерге сүйенсек жылу тарифі жыл сайын- 6,7% ға өсіп отырған екен.

Өзгелердің жаңалығы