Жылқы қолға қашан үйретілді?

12 Маусым 2024, 15:49
304
Бөлісу:
Жылқы қолға қашан үйретілді?
Фото: автордан

Ертіс өңірінің археологтары халықаралық ғалымдар тобының құрамында қазіргі типтегі жылқылардың үйретілуі мен адамзаттың дамуындағы роліне қатысты зерттеу жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Қазіргі типтегі жылқылардың қолға үйретіліп, жаппай таралуы шамамен 4200 жыл бұрын басталды. Жаңа деректер бір апта бұрын «Nature» журналындағы ғылыми мақалада жарияланды.

Кешенді зерттеу тобының құрамында Қазақ даласының Солтүстік өңірлерінде кеңінен тараған жылқылардың дамуы, генетикалық құрамын зерттеп жүрген тарих ғылымдарының кандидаты, археолог Виктор Мерц бар. Павлодарлық ғалымнан бөлек зерттеу жұмысына әлемнің 110-нан астам ғалымы қатысты. Ауқымды жұмыс аясында тұяқтылардың геномдары мен генетикалық өзгеру үрдісі зерттелді.

Виктор Мерц Аққулы ауданындағы Бөрлі 4 тұрағында он жыл бойы археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп келеді. Ғалымның пайымдауынша, бұл - ежелгі малшылардың қонысы. Мекендер сол кездегі тайпалардың отырықшылық тұрмысын дәлелдейді. Оған қоса жылқы сүйектері көптеп табылды.

Зерттеу нәтижелері Еуразия даласында соңғы қола дәуірінде халықтың жаппай көші-қонына әсер еткен факторларды анықтап, жылқылардың қолға үйретілуіне қатысты ақпарат берді. Солтүстік Қазақстан мен Павлодар облыстары сол миграциялық үрдістердің бел ортасында болды. Бөрлі қонысынан жиналған материалдар зерттеу барысында пайдаланып, Ботай қонысын зерттеу нәтижелерін толықтырды. Әзірге жылқылардыдамытудың екі бағыты– Ботайжәне понто-Каспий, сонымен қатар, энеолит пен соңғықола дәуірі тіркелді. Шетелдік ғалымдармен бірге зерттеуімізді жалғастырамыз, - дейді Виктор Мерц.

Өзгелердің жаңалығы