Жылдар бедерінен дәуірлер қойнауына жол

1 Желтоқсан 2021, 11:56
4052
Бөлісу:
Жылдар бедерінен дәуірлер қойнауына жол
EX PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін – Тұңғыш Президент күні. Бұл мереке осымен 10 жыл қатарынан тойланып келеді. Мереке қарсаңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірімен, еңбек жолымен, жеткен жетістіктерімен танысу үшін «Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасы» ғимаратына бардық.

Айта кетсек, елорданың сол жағалауындағы жаңа мәдени ошақ 2020 жылы қазан айында ашылды. Музейдің құрылысын түркиялық компания жасаған. Ғимараттың жалпы аумағы 30 мың шаршы метрді құрайды. Ол 3 қабаттан тұрады.

Жылдар бедерінен дәуірлер қойнауына жол

Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасы Экскурсия жұмысы қызметінің жетекшісі Құмар Жүнісов редакциямыздың журналистеріне экскурсия жүргізіп, Елбасының жүріп өткен жолы туралы толық мәлімет берді.

Бұл тек музей ғана емес, сонымен бірге көпкешенді ғимарат. Себебі ғимараттың ішінде коворкинг орталығы, балаларды дамытуға арналған орталық жұмыс істейді. Сонымен қатар Елбасының жеке заттары, кітапханасы, архиві осы ғимаратта орналасқан, - деді экскурсовод.

Бірінші қабатта музейлік экспозициялар болса, екінші қабатта көпфункционалды іс-шаралар өткізуге арналған 2 мың орындық зал бар. Сонымен қатар үшінші қабатта коворкинг орталығы, балаларды дамыту орталығы мен әкімшілік кеңселер бар.

Жылдар бедерінен дәуірлер қойнауына жол

Одан бөлек, жәдігерлерді сақтауға арналған қоймалар да бар. Ол төменгі қабатта орналасқан.

Музейдің кіреберісінің биіктігі 18 метрді құрайды. Ол чех шынысымен безендірілген.

Музейдің іші 30 жылдан бері музей саласындағы мультимедиялық-ақпараттық технологиямен айналысатын кореялық заманауи құрылғымен жабдықталған.

Музейге кіргенде алдымен келушілердің назарына Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) ұсынылады. Бұл манифесте Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қарудан азат әлемді құрудың бастамаларын айтқан болатын. Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік саммитінде алғаш рет ұсынылып, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесінің ресми құжатына айналып, арнайы тіркеу нөмірі белгіленді, - деп бастады өз сөзін Құмар Жүнісов.

Жылдар бедерінен дәуірлер қойнауына жол

Бұл Елбасының 1990 жылдары мінген алғашқы көлігі. Көлік Бельгияның Mercedes компаниясының зауытында арнайы шығарылған. Мұндай көліктер 1960-1990 жылдарға дейін өндірілген.

Жылдар бедерінен дәуірлер қойнауына жол

Елбасыға бастар жол...

Келушілерге экскурсия «Елбасыға бастар жол» деп аталатын арнайы алғысөз зонасындағы шоудан басталады.

Жылдар бедерінен дәуірлер қойнауына жол

Музейде 7 зал бар. Соның біріншісі – «Тұлғаның қалыптасуы». Бұл зал Тұңғыш Президенттің өмірбаянына, қызметтік жолының басталуына арналған. 

Жылдар бедерінен дәуірлер қойнауына жол

Залға кіргенде Елбасының туып-өскен жері, ата-анасы бейнеленген қазақстандық қылқалам шеберлерінің картиналары, сондай-ақ кішкентай кезіндегі жарқын әсерлері «Алатау баурайындағы балалық шақ» деп аталатын аннимация түріндегі жанды картинада ұсынылған. Назарбаевтың дүниеге келуі, алғашқы қадам басуы, ашамайға отырғызу сияқты қазақтың дәстүрлері көрсетілген.

Жылдар бедерінен дәуірлер қойнауына жол

Музей заманауи технологиялармен қатар классикалық экспозициялық шешімдердің үйлесімі деп айтуға болады. Өйткені арнайы проекторлар, архивтік фотосуреттер блогы, мансабы, мектепте оқыған жылдардағы құжаттары ұсынылған. Сондай-ақ витриналарда дәстүрлі форматта жәдігерлер қойылған. Елбасының ата-балаларына, ата-анасына қатысты ақпараттар бар, - дейді кітапхана маманы.

Жылдар бедерінен дәуірлер қойнауына жол

Нұрсұлтан Назарбаевтың жеті атасы жазылған «Шежіре» композициясы ұсынылған.

Жылдар бедерінен дәуірлер қойнауына жол

Одан бөлек, Елбасының мектепте оқыған жылдары музейдің бірінші блогына қойылған. Комсомолдық билеті, пионер, комсомол төсбелгілері, бар. 1948 жылы алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды. 1956 жылы жақсы оқығаны үшін комсомолдың құрамына қабылданады.

Сондай-ақ залдан «Елбасының сыныптастары» кітапты көруге болады. Мұнда Елбасымен бірге оқыған сыныптастарының пікірлері, естеліктері жазылған.

Жылдар бедерінен дәуірлер қойнауына жол

Жылдар бедерінен дәуірлер қойнауына жол

Көрмеден Нұрсұлтан Назарбаевтың сыныптан сыныпқа көшкендегі куәлігін, 10-сыныптан кейінгі аттестатын да көруге болады. Жәдігерлерге қарасақ, Елбасымызда тек Орыс әдебиеті пәнінен ғана 4 болған, қалған барлық пәнді 5-ке бітірген. Осындай бір «4»-пен мектепті күміс медальмен аяқтайды.

Жылдар бедерінен дәуірлер қойнауына жол

1958 жылы Нұрсұлтан Назарбаев газет беттерінен Теміртауда металлургия комбинатының құрылысы басталғанын ести сала, сол іске өзінің үлесін қабылдауға шешім қабылдайды. Ол Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең алғашқы металлургия комбинаты болатын. Осы қалаға келіп, алғашында қарапайым жұмысшы болады. Әрине, бұл еліміздегі тұңғыш металлургия комбинаты болғандықтан отандық кадрлар қажет болды. Бір топ қазақстандық жастарды, соның ішінде Нұрсұлтан Назарбаевты Украинаға оқуға жібереді. Сөйтіп Елбасы 2 жыл бойы (1958-1960 жж.) училищеде білім алады, - дейді Құмар Жүнісов.

Жылдар бедерінен дәуірлер қойнауына жол

1960 жылы оқу орнын бітіріп, 8-разрядты екінші көлікші деген арнайы біліктілікті алады. Украинада оқып жүргенінде көшбасшылық қабілеттері айқын көрініп, екі мақтау қағазымен марапатталды.

Жылдар бедерінен дәуірлер қойнауына жол

1984 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Министрлер кеңесінің төрағасы болып сайланады. Осы оқиғаға байланысты жазылған мақала да музей жәдігерлерінің бірі.

Жылдар бедерінен дәуірлер қойнауына жол

Жылдар бедерінен дәуірлер қойнауына жол

Нұрсұлтан Назарбаев ұзақ еңбек жолын жүріп өтті. Теміртауға оралғаннан кейін комбинатта металды балқытуға қатысады. Ол - «Қаланың құрметті азаматы», «Қарағанды өңірінің құрметті азаматы». Елбасы өз естеліктерінде былай дейді: «Теміртау болмағанда, Қазақстанның магниткасы болмағанда мүмкін мен Президент болмас едім» деп айтады. Өйткені дәл осы қалада Назарбаевтың қызметтік, қоғамдық-саяси мансабы басталды.

Жылдар бедерінен дәуірлер қойнауына жол

Елбасы 9 жыл бойы қарапайым жұмысшы болып, кейін 1969 жылы басқарушылар қатарына өтеді.

Музейдегі үлкен понорамалы суретте Нұрсұлтан Назарбаев 1960 жылы 3 шілдеде өзінің аға әріптестерімен бірге Қазақстанның ең алғашқы шойынын балқытқаннан кейінгі демалыс сәті ұсынылған.

Жылдар бедерінен дәуірлер қойнауына жол

Сондай музейдің осы залындағы бір блогында ақпараттық бейнелі газет киоскілер қойылған. Ол кезге саяхат жасау үшін ұсынылған.

Жылдар бедерінен дәуірлер қойнауына жол

Бірінші залдағы экспозицияларды түйіндейтін оқиғалар – 1991 жылы желтоқсанда өткен оқиғалар. Яғни Тұңғыш Президент сайлауы туралы (1991 жыл, 1 желтоқсан), сайлаудағы құжаттар, сөйлеген сөздері, Президентке үміткер Нұрсұлтан Назарбаевтың куәлігі келушілердің назарына ұсынылған. 1991 жылы сайлауда 98,78% дауыс жинап, Нұрсұлтан Назарбаев жеңіске жетеді. 10 желтоқсанда инаугурация рәсімі өтеді. Тағы бір айта кететіні – сайланған Президенттің куәлігін де осы экопонаттар қатарынан көруге болады, - деп түсіндірді экскурсовод.
Жылдар бедерінен дәуірлер қойнауына жол

Сонымен қатар Қазақстан Президентінің инаугурация кезінде қазақ және орыс тілдерінде берген анты, маңызды құжаттарға қол қойған қаламсаптары және 1999 жылғы инаугурация кезінде киген костюмі ұсынылған.

Жылдар бедерінен дәуірлер қойнауына жол

«Алтын қыран» орденін де музейден көруге болады. Ол еліміздің ең жоғарғы наградасы. 1995 жылы Президенттің жарлығымен шығарылды. Қазақстан заңдарына сәйкес сайланған Президент осы орден иегері. Бүгінгі күні Қазақстанда екі тұлға осы орденнің иегерлері – Нұрсұлтан Назарбаев және Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұл медальмен шетелдің басшылары да марапатталады. Осы күнге дейін Ресейдің тұңғыш президенті, қазіргі басшысы Владимир Путин, Ұлыбританияның ханшайымы Элизавета ІІ, Өзбекстанның президенті Ислам Каримов сияқты тұлғалар осы орденмен марапатталған.

Президент жолы

1991 жылы 16 желтоқсанда еліміз Тәуелсіздігін жариялағаннан кейін Елбасының иығына жаңа мемлекетті құрудың үлкен миссиясы жүктеледі. Ол туралы келушілер «Президент жолы» деп аталатын екінші залдан ақпарат ала алады.

Жылдар бедерінен дәуірлер қойнауына жол

Залға кіргенде бірден Елтаңбамыз бен көк Туымыз көзге түседі. Олардың элементтерінің мән-мағынасы электронды ресурстарда ұсынылған. Яғни қонақтар еліміздің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын таңдап, сол туралы қысқаша ақпарат алып, Әнұранды тыңдауға мүмкіндік бар, - дейді ол.

Жылдар бедерінен дәуірлер қойнауына жол

Құмар Жүнісов атап өткендей, Конституция – кез келген елдің діңгегі. Осы ретте екінші залда еліміздің Конституциясының инсталляциясы ұсынылған. 

Жылдар бедерінен дәуірлер қойнауына жол

Тәуелсіздік жылдары елімізде 1993 және 1995 жылдары Ата Заң қабылданған. Экспонаттар қатарында Елбасының Конституция қабылдарда жазған ескертпелері де сақталған.

Жылдар бедерінен дәуірлер қойнауына жол

Жылдар бедерінен дәуірлер қойнауына жол

1990 жылдардың басында ішкі және сыртқы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында еліміздің Қарулы Күштері құрылды. Музейде Жоғары бас қолбасшының кителі және Республикалық ұланның (қазіргі мемлекеттік күзет қызметі) салтанатты формасы ұсынылған.

Жылдар бедерінен дәуірлер қойнауына жол

Залдың ортасында еліміздің символдарының біріне айналған «Алтын адамның» реконструкциясы бар. Оны 1969 жылы Алматы олысындағы Есік қорғанынан белгілі археолог Кемел Ақышев тапқан. Осы «Алтын адамның» бас киіміндегі 150-ге жуық аңдық стильде жасалған әшекейлер Тәуелсіз Қазақстанның белгілі бір символдарына айналып үлгерді. Мысалы, қанатты тұлпарлар біздің Елтаңбамызға өзек беретін негізгі элемент ретінде алынған.

Жылдар бедерінен дәуірлер қойнауына жол

Залда мемлекетіміздің көпвекторлы сыртқы саясатының картасы ұсынылған. Қазақстан әлемде көпвекторлы сыртқы саясатты сәтті жүргізіп отырған жалғыз мемлекет. Осы уақытқа дейін Нұрсұлтан Назарбаев 300-ден астам жоғары деңгейдегі саммитке қатысты. Еліміз 189 мемлекетпен дипломатиялық байланыс орнатты, 54 халықаралық және 8 аймақтық ұйымға мүшеміз.

Жылдар бедерінен дәуірлер қойнауына жол

Музейде теңгенің инталляциясы қойылған. Онда 1993 жылы Нұрсұлтан Назарбаев теңгені енгізу кезінде берген баспасөз конференциясын көруге болады. Инсталляцияда 20 макет бар. Егер макетке планшетті бағыттасақ, ол туралы қысқаша ақпарат алуға болады. Мысалы, Ақорда резиденция және оның қасындағы батырмаға бассақ, Ақорданың қай банкнотада бейнеленгені туралы біле аламыз. Бұл көбінесе кішкентай қонақтар үшін қызықты жоба, - деп айтты маман экскурсия барысында.

Жылдар бедерінен дәуірлер қойнауына жол

Сондай-ақ залдан мерейтойлық монеталарды да көруге болады.

Жылдар бедерінен дәуірлер қойнауына жол

Одан бөлек, музейге келушілер елорданың өткені мен бүгініне саяхат жасай алады. Мысалы, Кенесары көшесінің бұрынғы және қазіргі келбеті. Бұрын бұл көше «Большая базарная улица» деп аталған.

Жылдар бедерінен дәуірлер қойнауына жол

Залдан еліміздің әр саладағы даму статистикасы туралы да ақпарат алуға болады. 1991 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі деректер қамтылған.

Жаһандық көшбасшы жолы

Музейдің төртінші залы Жаһандық көшбасшы жолы деп аталады. Бұл залда Туымыздың фрагменттерінің астында жер шарының макетінде Нұрсұлтан Назарбаевтың биік мінберлерден сөйлеген сөздері ұсынылған.

Жылдар бедерінен дәуірлер қойнауына жол

Елбасының қабылдаған тағы бір мағызды шешімдерінің бірі – Семей ядролық сынақ полигонын жауып, әлемдегі қуаты жағынан төртінші ядролық арсеналдан бас тарту. Сондай-ақ залда «Әлем таныған Елбасы» деп аталатын фотогалерея ұсынылған. Мұны еліміздің дипломатиясының жылнамасы деп те айтуға болады. Яғни Нұрсұлтан Назарбаевтың 30 жыл бойы өткізген және әлі де өткізіп келе жатқан шет мемлекет басшыларымен кездесулері кезінде түскен суреттері, - деп түсіндірді ол.

Жылдар бедерінен дәуірлер қойнауына жол

Бұл жерде еліміздің стратегиялық әріптестері, Еуропа Одағы, Мұсылман әлемі, Түркі әлемі және алыс шетелдер, атап айтқанда, Латын Америкасы, Африка, Азия мемлекеттері басшыларымен кездесуінде түскен суреттер.

Жылдар бедерінен дәуірлер қойнауына жол

700-ден астам фотосурет электронды альбомда ұсынылған.

Даңқ галереясы

Төртінші залдың жалғасы – даңқ галереясы. Мұнда Елбасының мемлекеттік шетелдік наградалары, қоғамдық марапаттары, дипломатиялық сыйлықтары мен қару-жарақтар коллекциясы ұсынылған. Нұрсұлтан Назарбаев әлемнің 40-тан астам мемлекетінің 50-ге жуық наградасының иегері.

Жылдар бедерінен дәуірлер қойнауына жол

Залда ерекше орынды 2011 жылы Қазақстан Парламентінің Сенаты берген «Елбасы» төсбелгісі ұсынылған. Бұл жалғыз үлгідегі төсбелгі.

Жылдар бедерінен дәуірлер қойнауына жол

Сондай-ақ залда дипломатиялық сыйлықтар қойылған. Яғни шетелдік делегациялар берген кәдесыйлар.

Жылдар бедерінен дәуірлер қойнауына жол

Тарихи жәдігерлер арасында Абылай ханның қылышының сынығын көруге болады. Мұны Нұрсұлтан Назарбаевқа белгілі тарихшы Ермұхан Бекмахановтың қызы сыйға берген.

Жылдар бедерінен дәуірлер қойнауына жол

Залда суық қарулардың коллекциясы да ұсынылған.

Сонымен қатар қоғамдық наградалар бөлімі де бар. Елбасы көптеген облыстың, қаланың «Құрметті азаматы» атағына ие. Сондай-ақ залда Мұсылман мемлекеттері берген ордендер де бар, - деп түсіндіріп берді Жүнісов.

Дананың дара жолы

Жылдар бедерінен дәуірлер қойнауына жол

Бұл – бесінші зал. Бұл болашақ жастарға үндеу залы. Мұнда Елбасының өзі жазған еңбектері ұсынылған. 50-ден астам кітап пен мақала әлемнің 40-тан астам тіліне аударылған. 

Жылдар бедерінен дәуірлер қойнауына жол

Залда «Қазақстанның 100 жаңа есімінің» 2019-2020 жылғы жеңімпаздары туралы ақпараттар берілген. Ғылым, медицина, қоғам, бизнес, мәдениет және спорт салаларында белгілі бір жетістіктерге жетіп, әлеуметтік желілерде дауыс беру арқылы іріктеліп алған жеңімпаздарды көруге болады.

Жылдар бедерінен дәуірлер қойнауына жол

Залдың ортасында үлкен электронды кітап бар. Онда Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму жолы ұсынылған.

Елбасының үміт жолы

Бұл залда келушілерге негізгі залдарда көрген дүниелерді түйіндеу үшін «Елбасының үміт жолы» деп аталатын шоу көрсетіледі.

Жылдар бедерінен дәуірлер қойнауына жол

Музейге баратын қала тұрғындары мен қонақтары үшін анықтама:

Музейге келушілерден алдын ала өтініш қабылданады.

Күніне 4 уақыт экскурсия жүргізіледі – сағат 10.30, 12.00. 14.30 және 16.00.

Экскурсоводтар саны жеткілікті болса, басқа уақыттарда да келушілерді қабылдауға мүмкіндік бар. Одан басқа, жеке келушілерге арналған арнайы QR-кодтар бар. Қонақтар «Елбасы кітапханасының» қосымшасын телефонға жүктеп алып, ақпарат алуға болады. Сондай-ақ келушілерге аудио-гид беріледі, - деп сөзін түйіндеді Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасы Экскурсия жұмысы қызметінің жетекшісі Құмар Жүнісов.

Өзгелердің жаңалығы