Жылдам интернет ауылға қашан жетеді? Министр жауабы

26 Қараша 2022, 13:21
1104
Бөлісу:
Жылдам интернет ауылға қашан жетеді? Министр жауабы

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин шалғай ауылдардағы интернеттің жайы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, алдағы екі жылда халық интернет сапасының жақсарғанын сезінеді.

Ауылдағы интернет сапасын жақсарту үшін арнайы ұлттық жоба әзірлейміз. Жоба аясында қай ауылға қашан интернет жететіні, қай уақытта интернет желілері жөнделетіні жазылатын болады. Ал, таулы жерлерде орналасқан ауылды мекендердің интернет мәселесін шешу үшін жаңа технологияларды қолданбақпыз. Министрлік екі жылдың ішінде 90 пайыз ауылға жылдамдығы жоғары, сапалы интернет қосуды жоспарлап отьрмыз , - деді Бағдат Мусин ҚР Президентін ұлықтау  рәсімінен кейін.

Өзгелердің жаңалығы