«Жыл волонтері – 2026» халықаралық сыйлығының екінші кезеңіне 127 үміткер өтті

21 Қазан 2026, 13:15
АВТОР
 Magnific.com 21 Қазан 2026, 13:15
21 Қазан 2026, 13:15
90
Фото: Magnific.com

10-19 қазан аралығында Qazvolunteer.kz бірыңғай онлайн платформасында өткен «Жыл волонтері – 2026» халықаралық сыйлығына дауыс беру аяқталды. Дауыс беру нәтижесінде 127 үміткер байқаудың екінші кезеңіне жолдама алды.

Келесі кезеңде байқау комиссиясы үміткерлердің өтінімдерін қарап, 15 аталым бойынша жеңімпаздарды анықтайды.

Халықаралық сыйлық 2020 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен тағайындалған. Ол қоғамдағы маңызды мәселелерді шешуге елеулі үлес қосқан волонтерлердің, волонтерлік топтар мен ұйымдардың, соның ішінде халықаралық ұйымдардың еңбегін бағалауды көздейді.

Алты жыл ішінде Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейден 297 волонтер аталған сыйлықтың лауреаты атанды.

Сыйлық волонтерлік қозғалысты кеңінен насихаттауға, қоғамға пайдалы бастамаларды қолдауға және волонтерлік мәдениетті дамытуға бағытталған. Сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетіп, өзекті қоғамдық мәселелерді шешуге атсалысып жүрген волонтерлердің еңбегін көпшілікке танытуды мақсат етеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына онлайн дауыс беру басталғанын хабарланды.

Сондай-ақ, Қазақстанда 60 мыңнан астам адам экологиялық волонтерлікке жұмылдырылған.

Тағы оқи отырыңыз:

Тоқаев Орталық Азияда волонтерлік форум өткізуді ұсынды

Президент волонтерлікпен айналысып жүрген еріктілерге ризашылығын білдірді

Дастан Сәтпаев пен ByDastann Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадорлары атанды

Наверх