Жыл соңына дейін спорт мамандары үшін біліктілік талабы өзгереді

25 Қаңтар 2023, 12:57
975
Бөлісу:
Жыл соңына дейін спорт мамандары үшін біліктілік талабы өзгереді

Осы жылы мектеп-интернаттардың жаттықтырушы-оқытушыларына санаттар үшін олардың біліктілігіне байланысты 6 мыңнан 22 мың теңгеге дейін үстемеақы енгізілді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша,  осы жылдың соңына дейін сала мамандары үшін халықаралық тәжірибе ескеріле отырып, біліктілік талаптары өзгертілмек. 

Жаттықтырушы-оқытушыларға топқа жетекшілік жасағаны және спортшыны жоғары спорттық ұйымдарға бергені, сондай-ақ спорттық атақтар үшін үстемеақылардың жаңа түрлерін енгізуді жоспарлап отырмыз. Сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау іс-шаралары бойынша ұсыныстарды жылдың соңына дейін мүдделі мемлекеттік органдармен пысықтауды тапсырамын, - деді Мәдениет және спорт министрі.

Оның мәлімдеуінше, жетекші диетолгтермен мен нутрициологтер бірге республикалық барлық мектеп-интернаттар үшін спорт түрлерінің ерекшеліктері, жүктеме, жұмсалатын килокалорий ескеріле отырып, жас спортшыларға бірыңғай ас мәзірі әзірленді.

Үш кәсіп бойынша спорт саласындағы кәсіби стандарт бекітілді және жылдың соңына дейін 8 кәсіп бойынша стандарт әзірленеді, - деді Оралов министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Өзгелердің жаңалығы