Жыл соңына дейін Қарағанды мен Теміртаудың төрт мың үйіне газ жеткізіледі

12 Желтоқсан 2022, 20:43
1001
Бөлісу:
Жыл соңына дейін Қарағанды мен Теміртаудың төрт мың үйіне газ жеткізіледі

Қарағанды облысын газдандыру жалғасуда. Бүгінгі таңда газ тарату желілері Қарағанды мен Теміртаудағы екі мың үйге жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2022 жылдың соңына дейін төрт мың үй орталық газға қосылу мүмкіндігін алады. Келесі жылдан бастап Шахтинск, Саран, Осакаров және Абай аудандарында газбен жабдықтау желілерінің құрылысы басталады.

Сонымен қатар, облыста тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу бойынша жұмыс жүргізілуде. Мәселен, 2025 жылға дейін бұл қызметті тұрғындардың 100 % алуы тиіс. Қазір орталықтандырылған сумен жабдықтауға қала халқының 98,2%-ы және ауыл тұрғындарының 91,4%-ы қол жеткізе алады.

Жылу қуаттарының тапшылығы мәселесін шешу үшін Қарағандыда ЖЭО-3-тен үшінші жылу таратқыш салынуда. Жобаны іске қосу Оңтүстік-Шығыстағы жаңа ғимараттарды жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және тұтастай алғанда қаланы жылумен жабдықтау сенімділігін арттыруы тиіс.

Өзгелердің жаңалығы